Республика сарайы осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын алғашқы көрермендеріне есігін айқара ашқан болатын және күні бүгінге дейін еліміздің тарихи және мәдени ескерткіштерінің бірі және басты сахнасы мәртебесін сақтап келеді. Отандық және Қазақстанға келген шетелдік жұлдыздардың ең ауқымды концерттері, сондай-ақ ірі мемлекеттік, қоғамдық-саяси және мәдени іс-шаралары дәл осы аңызға айналған ғимаратта өтті. Бұған дәлел ретінде 1973 және 1986 жылдары өткен КСРО Бүкілодақтық кинофестивалдері мен 1991 жылы өткен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі, «Еуразия» Халықаралық кинофестивальдарын еске түсіру жеткілікті.
Сарай 1970 жылы салынып, құрылыс жобасы өзінің архитектуралық-көркемдік дизайнымен ерекшеленді. 1971 жылы сарай сәулетшілері В.Ю. Алле, В.Н. Ким, Ю.Г.Ратушный, Н.И.Рипинский, А.С.Соколов, Л.Л. Ухоботов және басқалары КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Архитектуралық ансамбльді Сарай алдында орналасқан кең алаң толықтыра түседі. Абай Құнанбаевтың есімімен аталатын бұл алаңда ұлы қазақ ақынына осыдан ондаған жылдар бұрын – 1960-жылдары қойған ескерткіші орналасқан. Мұнда халық серуені, жәрмеңкелер, көп адам жиналатын әртүрлі фестивальдардың өтуі дәстүрге айналған. Жуырда алаң толықтай жөндеуден өтті, музыкалық су бұрқақтар, шыршалармен көріктендіріліп, ашық аспан астында концерттер мен фильмдер көруге бейімделді.
Республика сарайының кең әрі әсем залдарында қалалық және республикалық маңызы бар іс-шаралар өтеді. Олар: конференциялар, тренингтер, салтанатты марапаттар, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың кездесулері, Қазақстан эстрадасының және әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың концерттері.
2008 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласы Сарайының мәртебесі ресми түрде: «Тарих, мәдениет, қала құрылысы және республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші» деп саналады. Бүгінгі күні Сарай аудиториясы 2,567 көрерменге арналған орындарды қамтып, жергілікті әртістер мен әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды қабылдайды.
Республика сарайының еліміздің мәдени мұрасын дамытуда қосқан үлесін асыра бағалау оңай емес, алайда шығармашылық ұжым осы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. Оның болашаққа қойған аса байсалды жоспары бар, соның бірі - қазақ өнерін әлемдік мәдени кеңістікке біріктіру. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» деген әйгілі мақаласында: «әлем Қазақстанды тек мұнай қорларымен, сыртқы саяси бастамаларымен ғана емес, сондай-ақ, әлемнің барлық құрлықтары мен басты тілдерінде дауыстап айтатын мәдени жетістіктерімен де білуі тиіс»,- деп атап көрсетті.
Сіздермен біздің сайтымызда жүздесуге қуаныштымыз. Республика Сарайы еліміздің мәдени нышаны және қазақстандық музыканы дәріптеуде маңызды міндет атқарады.
Толығырақ білуСіздермен біздің сайтымызда жүздесуге қуаныштымыз. Республика Сарайы еліміздің мәдени нышаны және қазақстандық музыканы дәріптеуде маңызды міндет атқарады.
Толығырақ білу