Республика сарайы – Алматы қаласындағы ең маңызды ғимараттардың бірі. Сарай 1970 жылы салынған. Құрылыс жобасы өзінің сәулетті-көркемдігімен ерекшеленеді. 1971 жылы Сарай жобасын ұсынған сәулетшілер КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
Зал сыйымдылығы қалалық және республикалық деңгейдегі түрлі шараларды: партиялық жиналыстарды, Еңбек ерлерін марапаттауға арналған салтанатты кештерді, кәсіподақтық және қоғамдық отырыстарды өткізуге арналған.
Содан бері, міне жарты ғасырға жуық Республика сарайы ерекше сахна алаңына айналды. 2008-жылдың 21-наурызынан бастап Республика сарайы Алматының Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер қатарына енген - Республика сарайы.
2010-жылы «Алматы қаласының Республика сарайы» ғимаратын қайта қалпына келтіру жүзеге асырылды.
Бас қасбеттің пилондары арасында орналасқан көлемі 308 м2 болатын заманауи LED-экран Абай алаңында концерттік шараларды өткізу кезінде сахналық ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Зал бойынша ұтымды дыбысты тарату мәселесі шешілген, өйткені көне жобада акустика тек қана сөйлеуге арналған болатын, ал концерттік шараларда дыбыс сапасы залдың көптеген секторларында жоғары сапаға қол жеткізе алмайтын. Дыбыстың шағылысуы және зал бойынша таралуы үшін қосымша бөлшектер мен кеңістіктер қарасытырлған.
Сарай әр түрлі форматтағы шараларды өткізу үшін керемет орынға айналды.
Біздің ерекшелігіміз:
Біздің ерекшелігіміз:
Біздің ерекшелігіміз:
Біздің ерекшелігіміз:
Біздің ерекшелігіміз:
Біздің ерекшелігіміз:
Біздің ерекшелігіміз: