"Мен сіздерді жақсы көремін"
Даурен Сердалиев
Қазақ өнеріне өлшеусіз қызмет етіп жүрген композитор Дәурен Сердалиевтің 2025 жылдың Наурыз айының 16-шы жұлдызында «Мен Сіздерді жақсы көремін» атты алғашқы шығармашылық ән кеші өтеді.
Мақпал Жүнісова - «Екі ғашық», Тоқтар мен Бейбіт - «Әдемі», Мейрамбек Беспаев, Қанат Үмбетов - «Сүйікті етші», Еркін Нұржанов - «Ай күн», Қанат Үмбетов пен Алия Әбікенова - «Жанымда бол», «Жігіттер» квартеті - «Туған жер», Асылжан Абдулла - «Сағынбаймын», Нұрболат Абдуллин - «Бұл менің тағдырым» секілді және басқа да автордың көптеген шығармалары осы кеште тыңдарманымен қайта қауышады.
Концертте Дәурен Сердалиевтің алғашқы шығармашылық жолынан бастап, бүгінгі күнге дейін тыңдарманның көңілінен орын алған үздік әрі хит әндері орындалады. Әдемі ән тыңдап, әсерлі кештің куәсі болайық! Біз сіздерді күтеміз.