Аягөз Ару
Аягөз Ару
“Аягөз ару”
Авторы: Қапан Сатыбалдин
Режиссер: Демеу Қасымбек
Балетмейстер:Тегісбаева Ляззат
Қапан Сатыбалдиннің төрт актілі, бес көріністі аңызға құрылған «Аягөз ару» пьесасының кейіпкерлері: Тәуекел – жас, ержүрек жігіт; Аягөз – әдемі қыз; Далабай – оның әкесі, кедей шал; Тетелес – Аягөздің бауыры, жас бала; Далбаса – хан; Сұмпайы – оның уәзірі; Шатшалекей – қарақшы хан; Зобалаң – Шатшалекейдің уәзірі; Топатай – Шатшалекейдің кенже тоқалы; Ұзынтұра – жасауыл; Асу – Тетелеспен бірге атқа шапқан бала; халық; Далбаса ханның жасауылдары; Шатшалекейдің қарақшылары.
Пьеса орман ішінен отын теріп жүрген Далабай шал мен оның бүлдірген терген кішкене баласы Тетелестің сөйлескен сөзімен басталады. Пьесада алтын-күміс аңсаған ашқарақ көңілдің шындығы да, халықтың қарапайым да адал өкілдерінің тазалықты тұғыр еткен асыл қасиеттері де аса бір көркем шендестірумен ашылған деуге болады.
Өтетін орны: Алматы қаласы,Пушкин көшесі 63, «Жаңа Ғасыр» театры