Директор
1982 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «музыкалық-драма театрының актері» мамандығы бойынша, сондай-ақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «опера әншісі, педагог» мамандығы бойынша кәсіби білім алған. Сонымен қатар экономика және бизнес саласында жоғары білімі бар: бакалавр дәрежесін (Алматы технологиялық университеті) және магистр дәрежесін (М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы) иеленген.
2008 жылдан бастап Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жоғары санатты опера труппасының солисі қызметін атқарып келді. 2022–2025 жылдары аталған театрда шығармашылық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдан 2022 жылғы наурыз айына дейін Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы қаласының мемлекеттік архиві» КММ директорының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
«Алматы әуендері» КМҚК мекемесінің шығармашылық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары
1986 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. 2003–2007 жылдары Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының “Театр өнері” факультетін тәмамдаған. 2025 жылдан бастап Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада оқуын жалғастырып, сахналық өнер мен шығармашылық жобаларды басқару саласындағы кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде шыңдауда.
Ерболат Төлегеннің еңбек жолы актерлік қызмет пен басқарушылық тәжірибені ұштастырады. 2010–2017 жылдары Астана қаласының «Көңілді тапқырлар театрының» актері қызметін атқарды. 2012–2017 жылдары «Базар жоқ» театры директорының орынбасары болды. 2017–2020 жылдары «ЕсЕлБай продакшн» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды. 2023–2025 жылдары Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы әуендері» КМҚК сұхбат жанрындағы актер ретінде еңбек етті. 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап «Алматы әуендері» КМҚК мекемесінің шығармашылық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мәдениет пен өнер саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ерболат Төлеген мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды. 2020 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Құрмет” грамотасына ие болып, мәдени құндылықтарды сақтау мен нығайтуға қосқан көпжылдық адал еңбегі және елеулі үлесі жоғары бағаланды.
Көркемдік- басқару қызметі
Данияр Жоламанұлы 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын музыкалық-драма театрының актері мамандығы бойынша, сондай-ақ Б. Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетін драма режиссері және педагог мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолында Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында (2002–2010) және Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында (2010–2021) актер болып жұмыс істеген.
Сонымен қатар медиа саласында да тәжірибесі бар. 2003–2005 жылдары «Талап» радиосында журналист болып қызмет атқарса, 2017 жылы «Хабар 24» телеарнасындағы «Саяхат» бағдарламасының жүргізушісі болды.
Әр жылдары бірқатар жетекшілік және режиссерлік қызметтерді атқарып келген. Атап айтқанда, 2018 жылы Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі, 2020–2021 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі болды. 2021 жылы Түркістан музыкалық-драма театрының бас режиссері қызметін атқарды. 2022–2023 жылдары Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрында көркемдік-техникалық қызметтің жетекшісі, ал 2024 жылы Бикен Римова атындағы Талдықорған қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі болды.
Ол осы уақыт аралығында көптеген республикалық және халықаралық театр фестивальдеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
История
Дворец Республики — один из главных и крупнейших концертных залов Казахстана. Является значимой достопримечательностью города Алматы.
Узнать подробнее
Структура КГКП «Алматы Әуендері»
Рады приветствовать Вас на нашем сайте. Дворец Республики считается культурным символом страны и выполняет важную миссию в популяризации казахстанской музыки.
Узнать подробнее