Кел, күлейік

Кел, күлейік

Доступные сеансы:

1 декабря 2026 , 19:30
4000 ₸ - 15000 ₸

Описание:

             ҚР «Серпер  жастар»  одағы  сыйлығының  иегері, сатирик  Бауыржан  Орда  және  «Мәдениет  саласының  үздігі»  әзілкеш  актёр  Саттар  Ерубаев, «Бәке-Сәке»  әзіл  дуеті  «Кел  күлейік»  - атты  әзіл  мен  ән  кеші  туралы  жалпы  мағлұмат.

        Бұл  кеште  ойналатын  миниатюралар   мен  қысқаша  көріністер  қоғамда  кездесетін  түрлі  келеңсіз  және  өте  күлкілі   жәйттарға  толы  болмақ. Қойылымдар  мен  түрлі  әзілдер ,  көрерменге   астарлап  жеткізіледі  және  күлдіре  отырып  ой  салады, сахна  мен  қойылым  арқылы  көрерменнің  санасын  биіктетеді.      

                                Кештің  басты  мақсаты:   

Көрермен қауымға  шынайы  қазақы  қалжыңды  ұсына  отырып,  астарлы  әзіл  арқылы  ұлттық  құндылығымыздың  маңызды  екенін  насихаттау,  ана  тілін  ұлықтау, кенже  дамып  келе  жатқан  сатира  өнерінің  өсуіне үлес  қосу.

                                        Кеш  ерекшелігі:

Кәсіби  актёрлардың  қатысуы, елімізге  белгілі  сатира  театрларының  қатысуымен  (Екі Езу  мемелекеттік  театры) танымал  эстрада  жұлдыздарының  қатысуы,  гримм,  костюм  және  кеш  иелерінің    авторлық  туындыларының  орындалуы.

Кештің  атауы:    «Кел  күлейік»   

Жанры:       Әзіл,  сықық,  сатира.

Тілі: Мемлекеттік  тілде.

Алатын  уақыты:  Шамамен  150  минут.

Өтетін  жері, басталуы:   Республика  сарайы,  19:30.

Кештің  жауапты  режиссері: Бауыржан  Орда. 

Түсірілімге  жауапты:  Астана  арнасы.