Тағдыр тақтасы

Жаңа Ғасыр театры

Бұл драма - Алаштың абыз тұлғасына айналған Асанәлі Әшімовтың шығармашылығы мен өміріне арналған. Өмірдің ащысын да тәттісін де тата жүріп, өнердің бақ пен сорын қатар артса да қайыспаған тұлғаның өзімен бірге, алдыңғы толқын ағалары, қазақтың маңдайына біткен қатарлас һас таланттары, достары, отбасы сахна төрінде сізбен сырласады, мұңдасады. Бір дәуірді түгел қамти отырып, ұрпақтың алдында олардың өнерін, өмірін өнеге ете білген бұл шығарма - өз көрерменін бей-жай қалдырмайтынына сенімдіміз!