Соңғы қоңырау
“Соңғы қоңырау” поэтикалық комедиясы. Қойылымда үш айлық жазғы демалыстан кейін жаңа оқу жылында мектепке келген Айгерімге ғашық болған Ораздың алғашқы махаббаты туралы баяндалады. Ораздың сүйіктісіне деген сезімін білдіруге батылы жетпей, биге шақыруға талпынған сәтінде басқа жігіттің оны алып кетуі, бұзақылардан қорғауға тырысқанда досы Сәкөштің әрекеті арқылы жағдайдың күрделенуі сияқты оқиғалармен өрбиді. Сондай-ақ, Ораздың достары Аманат пен Сәкөштің де хикаялары қойылымның негізгі желісін толықтырады. Алғашқы махаббат, мектептегі бозбала кездің ностальгиясын беретін бұл қойылым халықтың сүйіктісіне айналған.
Авторы: Елдар Ташкенбай
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 10 минут
Авторы: Елдар Ташкенбай
Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 10 минут