ӘН ДӘУРЕН

Асқар Дүйсенбі

Шараның қысқаша сипаттамасы: Ән кеші ақын, сазгер Дүйсенбі Асқар Кейкіұлының шығармаларын насихаттауға арналған. Шығармалары қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Р.Рымбаева, М.Жүнісова, МузАрт тобы бастап, кейінгі буын Димаш Құдайбергенов, т.б өнерпаздардың репертуарларына еніп, үздіксіз орындалып келеді. Бұл шара өнер иесінің осы жылы ер жасы – 50 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отырған есеп беру шығармашылық кеші. Айтулы шараға қазақ ән өнерінің ең таңдаулы өнерпаздары қатысады. 
 
Автор туралы: Дүйсенбі Асқар Кейкіұлы – ҚР Журналистер одағының мүшесі, Президенттік стипендия иегері. Ақын, сазгер, ғалым. Ол өнер мен әдебиет, ғылым мен мәдениет саласында 30 жылдан астам еңбек етіп келеді. Онға жуық поэзиялық және ғылыми кітаптардың авторы. Бүгінгі таңға дейін өнер иесінің қаламынан 500 астам ән мен ән мәтіндері, көптеген мюзикл, сериалдар және телевизиялық бағдарламалар жарық көрген. Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің ұстазы.