Томирис

Место проведения:

Республиканский государственный академический уйгурский театр музыкальной комедии им.К.Кужамьярова
г. Алматы, улица Наурызбай батыра, 83

Доступные сеансы:

30 июня 2026 , 19:00
3000 ₸ - 7000 ₸

Описание:

“Томирис” перформанс | ПРЕМЬЕРА 

🗓️ 30 маусым , 19:00
📍Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедия театры.  


Қойылым ұзақтығы: 1 сағат 15 минут 

Спектакльдің аннотациясы:

Бұл - соғыс өртінің емес, Ұлы Дала патшайымының жүрегіндегі жасырын майданның тарихы. Қойылым көрерменді Ана мен Патшайымның, аяулы сезім мен қатал биліктің мәңгілік тартысына жетелейді.

Елін аман сақтап қалу үшін тағдыр таразысына барын тіккен Томирис махаббат пен сатқындықтың бұралаң жолынан өтеді. Мұнда ақ пен қараға бөлінген әлем жоқ, тек өз таңдауының салмағын көтерген жандар ғана бар.

Басты сауал - перзентін, махаббатын және жан тыныштығын құрбан етіп жеткен жеңіс шын мәнінде жеңіс пе, әлде адам төзер ең ауыр қасірет пе?

Сахналық символизм мен терең поэтикаға бай бұл спектакль өткеннің жаңғырығы ғана емес, бүгінгі адамның жан дүниесіне үңілетін рухани айна.